13.10.2026 15:10
Дани Карвахаль «Хетафе» ойыншысы атанды
13.10.2026 15:10
Дани Карвахаль еркін агент ретінде «Хетафе» қатарына қосылды

Қос тарап 30 маусымға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
34 жастағы испаниялық қорғаушы «Реалдан» өткен жазда кеткен еді. Сондай-ақ Даниэль 2012/13 жылғы маусымда «Байерде» ойнаған.
Карвахаль Мадрид клубының сапында Чемпиондар лигасының алты дүркін чемпионы атанып, Испания Ла Лигасында төрт мәрте топ жарды. Одан бөлек тағы 17 трофей жеңіп алған. Ал Испания құрамасымен Еуропа чемпионы (2024) болып, Ұлттар лигасын (2023) ұтты.