11.10.2026 22:33

«Манчестер Сити» «Ливерпульді» ойсырата жеңді

11.10.2026 22:33

Ағылшын Премьер-лигасының 6-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ливерпульді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде Эрлинг Холанд, Жереми Доку және Райан Шерки гол соқты.

Осылайша «қалалықтар» 18-ұпайын олжалап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал Мерсисайдтың клубы тоғыз ұпаймен тоғызыншы сатыда келеді.

Енді қос команда келесі кездесуін Чемпиондар лигасының аясында 14 қазан күні өткізеді. Энцо Маресканың шәкірттері ПСЖ-ны қабылдаса, Андони Ираоланың командасы ЛАСК-ке қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram