11.10.2026 18:17
Винисиус Эль-класикоға қатыспайды
11.10.2026 18:17
«Реал» дүлдүлі Винисиус Жуниор Эль-класикодан сырт қалады

26 жастағы бразилиялық вингер «Вильярреалға» (1:0) қарсы ойында қарсыласының шашынан тартқаны үшін қызыл қағаз алған еді.
Cope хабарлауынша, ол осыған байланысты Ла Лиганың екі не үш турынан шеттетіледі. Салдарынан Вини 25 қазан күні «Камп Ноуда» өтетін «Барселонаға» қарсы кездесуге қатыспайды.
Винисиус осы маусымда тоғыз матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.