15.09.2026 00:02

«Рома» Италия А Сериясында көш бастады

15.09.2026 00:02

Италия А Сериясының 4-турында «Рома» сырт алаңда «Ториноны» 2:0 есебімен жеңді

Туринде өткен кездесуде Доньелл Мален 40-минутта гол соқса, 90+3-минутта Никколо Писилли есепті еселеді.

Осылайша «джаллоросси» 12-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш бастады. Бұған дейін Римнің клубы «Аталанта» (2:1), «Лечче» (4:0) және «Фиорентинаны» (4:0) жеңген.

Джан Пьеро Гасперини шәкірттерінің алдағы күнтізбесі оңай емес. Команда 19 қыркүйек күні «Интерді» қабылдаса, 11 қазанда «Комоға» қонаққа барады. Содан кейін араға төрт күн салып, Чемпиондар лигасында «Реалды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram