07.02.2026 02:23

Родриго қатардан шықты

07.02.2026 02:23

«Реал» вингері Родриго жарақат алды

25 жастағы бразилиялық вингер оң жақ жамбас сүйегін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты шамамен он күн командасына көмектесе алмайды. Салдарынан ол «Валенсия» (8 ақпан) мен «Реал Сосьедадқа» (14 ақпан) қарсы ойындарға қатыспайды.

Бұл оның мансабындағы 16-жарақаты болды. Осыған дейін 204 күні емделуге кетіп, 35 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 26 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram