06.02.2026 22:05
Бернарду Силваға алты клуб «құда түсті»
06.02.2026 22:05
Бернарду Силва келер жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы 30 маусымда аяқталатын «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Қазіргі таңда «Ювентус» Силвамен байланыс орнатып, үш жылға жарамды келісімшарт ұсыныпты. Сондай-ақ «Барселонаның» спорт директоры Деку келіссөз бастаған. «Интер Майами» де оған сұрау салыпты. Бірақ Силва Еуропада қалғысы келеді.
Одан бөлек Бернардуға көз тігіп отырғандардың қатарында «Интер», «Галатасарай» және бұрынғы клубы «Бенфика» бар екен.
Силва «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.