06.02.2026 17:56
Испания кубогының жеребесі тартылды
06.02.2026 17:56
Бүгін, 6 ақпанда Испания кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Нәтижесінде ақтық матчқа жолдаманы «Атлетико» «Барселонамен», ал «Атлетик» «Реал Сосьедадпен» сарапқа салатын болды.
Алғашқы ойындар 10-12 ақпанда өтеді. Ал қарымта кездесулер 3-5 наурызға жоспарланған.
Өткен маусымның финалында «Барселона» «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді