06.02.2026 10:17

Родриго екі матчтан шеттетілді

06.02.2026 10:17

«Реал» вингері Родриго дисквалификация алды

25 жастағы бразилиялық ойыншы «Бенфикаға» (2:4) қарсы ойынның 90+7-минутында төрешіні балағаттағаны үшін екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылған еді.

Осыған байланысты 1/16 финалда «Бенфикамен» болатын екі ойыннан да шет қалды. «Реал» мен «Бенфика» арасындағы алғашқы матч 17 ақпанда өтеді. Ал қарымта кездесу 25 ақпанға жоспарланған.

Родриго осы маусымда 26 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram