06.02.2026 08:19
Бензема алғашқы матчында хет-трик жасады
06.02.2026 08:19
Саудия Про-лигасының 21-турында «Әл-Хиләл» сырт алаңда «Әл-Ахдудты» 6:0 есебімен жеңді

Бұл матчта «Әл-Хиләл» сапында дебют жасаған Кәрім Бензема хет-трик жасап, Малкомға нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәлем Әл-Даусари екі гол соқты.
Осылайша Эр-Риядтың клубы осы маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. 20 турдан кейін 50 ұпай жинаған Симоне Индзаги шәкірттері турнир кестесінде көш бастап тұр.
Бензема 2 ақпан күні клубқа «Әл-Иттихадтан» келіп қосылған еді. Қос тарап бір жарым жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.