09.07.2026 16:40
Рюэрсонге «Манчестер Юнайтед» көз тікті
09.07.2026 16:40
«Боруссия» қорғаушысы Юлиан Рюэрсон «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Bild хабарлауынша, манкуниандықтар трансфер жөнінде «Боруссиямен» келіссөз бастап кетіпті. Рюэрсонның Әлем чемпионаты 1/8 финалындағы Винисиуске қарсы көрсеткен ойыны «қызыл сойқандарға» қатты ұнаған екен. Ал Дортмундтың клубы ойыншысын кемі 30 миллион еуроға бағалап отыр.
28 жастағы Норвегия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 42 матчқа қатысып, 18 нәтижелі пас берді.