09.07.2026 15:12
Мактоминей «Реалға» ауысуы мүмкін
09.07.2026 15:12
«Наполи» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, оған «Реал» көз салып отыр. Мадрид клубының бас бапкері Жозе Моуринью Скотты өз командасынан көргісі келеді. Осыған дейін екеуі бірге «Манчестер Юнайтедте» жұмыс істеген.
29 жастағы Шотландия құрамасының жартылай қорғаушысы өткен маусымда 44 матчта 14 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.