03.08.2026 20:49

Рэшфорд «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін

03.08.2026 20:49

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфорд мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

The Sun хабарлауынша, 28 жастағы англиялық ойыншыға «Фенербахче» көз салып отыр және қомақты ұсыныс жасауға дайын.

Ыстамбұлдың клубы одан бөлек осы жазда қатарына «Милан» вингері Рафаэль Леау мен «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысы Исмаила Саррды қатарына қосуды көздейді. «Фенербахче» аталған екі ойыншының өкілдерімен байланысқа шыққан екен.

Рэшфорд өткен маусымды «Барселонада» жалда өткізіп, 49 матчта 14 гол мен 14 нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram