03.08.2026 20:08
Джордан Хендерсон «Челси» ойыншысы атанды
03.08.2026 20:08
Джордан Хендерсон «Челсиге» еркін агент ретінде ауысты

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Хендерсонның соңғы клубы «Брентфорд» болды. 36 жастағы Англия құрамасының жартылай қорғаушысы өткен маусымда 34 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол «Брентфордке» дейін «Аякс», «Әл-Иттифақ», «Ливерпуль», «Сандерленд» және «Ковентри Ситиде» ойнаған.