22.10.2026 02:05
«Реал» сенімді жеңіске жетті
22.10.2026 02:05
Чемпиондар лигасының үшінші турында «Реал» өз алаңында «Лейпцигті» 4:1 есебімен тізе бүктірді

Сантьяго Бернабеу атындағы стадионында өткен кездесуде Килиан Мбаппе дубль жасаса, Арда Гүлер мен Ян Диоманде бір мәрте мергендік танытты. Ал «Лейпцигтің» жұбаныш голын Тидиам Гомис соқты.
Осылайша «бланкос» тоғызыншы ұпайын еншілеп, турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.
Жозе Моуриньюның шәкірттері келесі ойынын 25 қазан күні Ла Лига аясында «Барселонаға» қарсы сырт алаңда өткізеді.