22.10.2026 01:57
«Бавария» мен «Арсенал» тең тарқасты
22.10.2026 01:57
Чемпиондар лигасының үшінші турында «Бавария» мен «Арсенал» тең түсті

«Альянц Аренада» өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Альфонсо Дэвис пен Харри Кейн (пенальтиден) гол соқты. Ал Лондонның клубында Эберечи Эзе және Деклан Райс мергендік танытты.
Осы ойыннан кейін «Арсенал» жетінші ұпайын еншілеп, турнир кестесінде жетінші орынға жайғасты. «Бавария» болса бесінші ұпайын олжалап, 14-сатыға тұрақтады.
Келесі турда Венсан Компанидің шәкірттері «Атлетикоға» қонаққа барса, Микель Артетаның командасы сырт алаңда «Славиямен» күш сынасады.