08.10.2025 14:37

Real Madrid TV Ла Лига төрешілерін сынға алды

08.10.2025 14:37

«Реал» клубының ресми телеарнасы «Вильярреалға» қарсы ойындағы төрешілікке қатысты пікір білдірді

— Родриго төрешіден пенальти сұрағанда, ол «бұған дейін бір рет қойып бердік қой» деп жауап қатты. Сонда екі рет белгілеуге болмай ма? Егер ереже бұзылған болса, неше рет болса да белгілеу керек. Бұл жағдайды мүлде түсінбедім, – деді Real Madrid TV комментаторы.

Ла Лиганың 8-туры аясында өткен кездесуде «бланкос» 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Аталған матчта бас қазы қызметін Гильермо Куадра атқарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram