10.05.2026 17:55

«Реал» көңіл айтты

10.05.2026 17:55

«Реал» «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің әкесінің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты

«Реал Мадрид» футбол клубы, президенті және директорлар кеңесі «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің әкесінің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

«Реал Мадрид» оның отбасы мен жақындарына жылы лебізін білдіреді. Жатқан жері жайлы болсын!»,– делінген хабарламада.

61 жастағы неміс маманының әкесі бүгін, 10 мамыр күні таңертең қаза болған еді.

Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Камп Ноуда» өтетін «Барселона» – «Реал» матчы сағат 00:00-де басталады. Оны Setanta Sports 1 телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram