11.06.2026 22:02
«Реал» Бернарду Силваға ресми ұсыныс жасады
11.06.2026 22:02
Бернарду Силва «Реал» ойыншысы атануы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы келіссөз бастау үшін оған ресми ұсыныс жолдады. Силваны жақында «Реал» бас бапкері атанатын Жозе Моуринью аттай қалап отыр. Ал «бланкос» Бернарду үшін таласта «Барселона» мен «Атлетиконың» алдын орап кететініне сенімді.
Силва 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлап қойды. 31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 52 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.