11.06.2026 17:23
Неймар Мароккоға қарсы ойнамайды
11.06.2026 17:23
Бразилия құрамасының дүлдүлі Неймардың жағдайы белгілі болды

Foot Mercato хабарлауынша, балтыр бұлшық етін зақымдап алған ол толыққанды жаттығуға оралмапты.
Осыған байланысты «Сантостың» 34 жастағы шабуылшысы Әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі Мароккоға (14 маусым) қарсы бірінші матчқа қатыспайды.
Сондай-ақ Шотландия (20 маусым) және Гаитимен ойынға (25 маусым) қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.