22.12.2025 21:21
Рамос қайта оралды
22.12.2025 21:21
Рамос бұрынғы клубтарының ойынын тамашалады

«Реал» және «Севилья» клубтарының бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос Ла Лиганың 17-турындағы осы екі команда арасындағы матчты көріп, «Бернабеу» стадионында өткен кездесуді тамашалады. Ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойыннан кейін Рамос түскен суретін жариялап, сондай-ақ «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппенің 27 жасқа толғанын құттықтады.
Рамос мансабының алғашқы жылдарында «Севилья» намысын қорғаса, 2005 - 2021 жылдары «Реал» клубында ойнаған еді.