22.12.2025 20:09
Семеньо «Ливерпуль» ойыншысы атануға жақын
22.12.2025 20:09
«Борнмут» вингері Антуан Семеньо «Ливерпульге» ауысуға жақын

The Guardian хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Трансфер қаңтар айында болып, оның құны 75 миллион еуроны құрайды.
Семеньо да Мерсисайдтың клубына ауысуды қалап отыр. Ол тіпті «Ливерпуль» жейдесін кию үшін «Тоттенхэмнің» ұсынысынан бас тартқан екен.
25 жастағы Гана құрамасының ойыншысы осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.