06.05.2026 21:21
«Қайрат» «Қайсардан» басым түсті
06.05.2026 21:21
Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында «Қайрат» сырт алаңда «Қайсарды» тізе бүктірді

Қызылордада өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Алғаш болып Дастан Сәтпаев 2-минутта гол соққан еді. Кейін 71-минутта Айбол Әбікен бұрынғы клубының қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Сосын 78-минутта Дастан Сәтпаев пенальтиден мүлт кетті. Ал 88-минутта тіркелген жеңіс голының авторы – Александр Мартынович.
Осылайша Алматының клубы 21-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш бастады. Рафаэль Уразбахтин баптайтын «сары-қаралар» келесі турда 10 мамыр күні «Ұлытауға» қонаққа барады.