22.10.2026 21:33
«Қайрат» «Панатинаикосқа» ірі есеппен жеңілді
22.10.2026 21:33
Конференция лигасының екінші турында «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» жол берді

«Орталық» стадионда өткен кездесуде 1:5 есебі тіркелді. Грекиядан келген команданың сапында Сирил Дессерс дубль жасаса, Висенте Таборда, Кингс Канва және Эльмин Растодер бір мәрте мергендік танытты. Ал бізден жалғыз голды Исмаил Бекболат соқты.
Бұған дейін «сары-қаралар» сырт алаңда «Ригамен» (1:1) тең түскен еді. Рафаэль Урахбахтиннің шәкірттері келесі турда 5 қараша күні «Аталантаға» қонаққа барады.