17.10.2025 16:51

«Қайрат» маңызды жеңіске қол жеткізді

17.10.2025 16:51

Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Қайрат» сырт алаңда «Қызылжарды» тізе бүктірді

Павлодарда өткен кездесуде Алматының клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды Дастан Сәтпаев 42-минутта соқты.

Сондай-ақ 69-минутта «Қызылжар» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев қызыл қағаз алды.

Осылайша 25 ойында 58 ұпай жинаған «сары-қаралар» турнир кестесінде көш басындағы орнын нығайтты.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері соңғы турда 26 қазан күні «Астананы» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Пафоспен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram