14.07.2026 20:38
ПСЖ Зион Судзукиге көз тікті
14.07.2026 20:38
«Парма» қақпашысы Зион Судзуки ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Париждің клубы Судзукиді тез арада қатарына қосқысы келеді.
Одан бөлек оған «Ньюкасл», «Ювентус», «Лидс», «Астон Вилла» және «Бавария» қызығушылық танытуда.
23 жастағы Жапония құрамасының голкипері биылғы Әлем чемпионатында төрт матчта бес гол өткізіп, бір ойында қақпасына доп жібермеді.