14.07.2026 20:16
Мазрауи «Миланға» ауысуы мүмкін
14.07.2026 20:16
«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Нуссаир Мазрауи мансабын Италия А Сериясында жалғауы мүмкін

Calciomercato хабарлауынша, оған «Милан» қызығушылық танытуда. «Россонерри» бас бапкері Рубен Аморим бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді. Бірақ әлі келіссөз басталмапты.
28 жастағы Марокко құрамасының ойыншысы өткен маусымда жарақатына байланысты тек 20 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.