15.04.2026 11:19

ПСЖ рекорд орнатты

15.04.2026 11:19

Чемпиондар лигасының ширек финалында ПСЖ «Ливерпульді» қос матчтың қорытындысы бойынша 4:0 (2:0, 2:0) есебімен тізе бүктірді

Осылайша Париждің клубы жартылай финалға қатарынан үшінші рет шыққан алғашқы Францияның клубы атанды.

ПСЖ 2023/24 жылғы маусымда жартылай финалда Дортмундтың «Боруссиясына» (0:2) жол берген. Былтыр ақтық матчта «Интерді» (5:0) жеңіп, чемпион атанды. Енді биыл финал жолдамасын «Реал» – «Бавария» (1:2) жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram