05.02.2026 09:42
ПСЖ ойыншысы «Реалға» ауысуы мүмкін
05.02.2026 09:42
ПСЖ жартылай қорғаушысы Фабиан Руис «Реалға» ауысуы мүмкін

ESPN хабарлауынша, Мадрид клубының басшылығы 29 жастағы испаниялық ойыншыға ұсыныс жасауды ойластырып жатыр.
Руис Париждің клубына 2022 жылы «Наполиден» 22,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 24 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.