04.02.2026 23:35
Канте «Фенербахчеде» қанша табыс табады?
04.02.2026 23:35
Н'Голо Кантенің «Фенербахчедегі» табысы аян болды

34 жастағы француз жартылай қорғаушысы осы маусымда 5,5 миллион еуро жалақы алады. Ол келер жылы екі есеге артып, 11 миллионға көтеріледі екен.
Айта кетейік, Канте «Фенербахчеге» «Әл-Иттихадтан» келіп қосылған еді. Н'Голо клубпен 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.