14.12.2025 13:22

Поль Погба қатардан шықты

14.12.2025 13:22

«Монако» жартылай қорғаушысы Поль Погба жарақат алды

32 жастағы француз сол аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгін, 14 желтоқсанда өтетін «Марсельге» қарсы ойынға қатыспайтын болды.

Бұл оның мансабындағы 39-жарақаты болды. Бұған дейін 1340 күні емделуге кетіп, 225 матчтан тыс қалған.

Одан бөлек Поль 2024 жылдың ақпан айында допинг қолданғаны үшін футболдан төрт жылға шеттетілген еді. Кейін бұл жаза 18 айға дейін қысқартылып, қазір толық өтелді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram