14.12.2025 12:16
«Арсенал» ойыншысы жарақат алды
14.12.2025 12:16
Артета: «Бұл тізе шеміршегінің жарақатына ұқсайды»

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета орталық қорғаушы Бен Уайттың жарақаты туралы пікір білдірді.
«Әрине, ол бұрынғы тізе жарақатынан кейін көп ойнаған жоқ. Бізде басқа нұсқалар болмады. Бүгін біз тіпті тәуекелге баруға мәжбүр болдық. Бәлкім, қате шешім болды. Оны 90 минутқа шығардық. Біз тағы бір жарақат үшін билет сатып алғандай болдық, бірақ басқа адам жоқ. Иә, бұл шын мәнінде жаман жаңалық. Бұл тізе шеміршегінің жарақаты сияқты көрінеді, сондықтан біз әлі оның қаншалықты ауыр екенін білмейміз», - деді Артета.
Еске сала кетейік, Уайт 36-минутта Мэйлз Льюис-Скеллиді алмастырды, ал «Арсенал» 16-турда «Вулверхэмптонтты» 2:1 есебімен жеңді.