17.10.2025 14:49

Палмер тағы алты апта ойнамайды

17.10.2025 14:49

«Челси» бас бапкері Энцо Мареска шәкірті Коул Палмер жайында сөз қозғады

— «Коул қарашада оралады дегенімде қателесіппін. Өкінішке орай, оған тағы алты апта керек. Бірақ, ешқандай ота жасалмайды. Медициналық штаб та сиқыршы емес, қолынан келгендерін жасап жатыр. Осы уақыт жеткілікті болады деген үміттемін,– деді Мареска.

Осыған дейін 23 жастағы жартылай қорғаушы шап тұсын зақымдап алып, төрт матчтан тыс қалған еді.

Палмер осы маусымда төрт ойынға қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram