07.10.2025 18:47
Өзбекстан құрамасына футболшыларға көлік сыйлағаны үшін айыппұл салынды
07.10.2025 18:47
Азия футбол конфедерациясы (АФК) Өзбекстан футбол қауымдастығына қомақты айыппұл салды.
Өзбекстан 10 маусым күні өткен Катарға қарсы матчтағы марапаттау рәсімін АФК-мен алдын ала келіспепті.
Осылайша АФК серіктестерінің қатарына кірмейтін BYD көлігі сынды брендтер жарнамаланып кеткен.
Сондай-ақ Өзбекстан тарапы матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты мен сұхбатты ұйымдастыруға жөнді көмектеспеген.
Осы ереже бұзуларға байланысты АФК Өзбекстанға жалпы 341 500 доллар айыппұл салды.