20.02.2026 14:09
Олисеге «Реал» мен «Барселона» көз тікті
20.02.2026 14:09
«Бавария» вингері Майкл Олисе мансабын Испанияда жалғауы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 24 жастағы французға «Барселона» мен «Реал» қызығушылық танытып отыр. Майклдың өзі күшін Ла Лигада сынап көруге қарсы емес екен.
Осыған дейін Олисеге ПСЖ және «Манчестер Ситидің» көз тіккені туралы қауесет тараған еді.
Ол осы маусымда 34 матчта 13 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.