20.02.2026 13:08
Мактоминей «Наполиде» қалады
20.02.2026 13:08
Скотт Мактоминей «Наполиде» қалуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі қарастырылады. Жаңа шартқа сәйкес, Скоттың жалақысы да біршама артады екен.
Мактоминей осыған дейін Corriere Dello Sport басылымына берген сұхбатында Неапольде ұзаққа қалғысы келетінін айтқан еді.
29 жастағы шотландиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 34 матчта 10 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.