08.04.2026 12:06
Олисе рекорд орнатты
08.04.2026 12:06
Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчында «Бавария» сырт алаңда «Реалды» 2:1 есебімен жеңді

Матчтың 46-минутында Майкл Олисе Харри Кейнге нәтижелі пас берді. Осылайша ол XXI ғасырда бір маусымда ең көп ассист жасаған француз атанды. Олисе биыл 25 мәрте әріптестерінің гол соғуына септігін тигізді.
Бұған дейінгі рекордты 2011/12 жылғы маусымда Франк Рибери (24 ассист) тіркеген еді.
24 жастағы Олисе одан бөлек осы маусымда 16 гол соқты.