08.04.2026 09:18

Макс Доуман рекорд орнатты

08.04.2026 09:18

«Арсенал» вингері Макс Доуман рекорд орнатты

16 жастағы англиялық ойыншы «Спортингке» (1:0) қарсы ойынның 76-минутында Нони Мадуекенің орнына алаңға шықты.

Осылайша Доуман Чемпиондар лигасының ширек финалынан және одан жоғары кезеңдерде ойнаған футболшылардың ішінде ең жасы атанды. Макс бұл рекордты 16 жас 97 күнінде тіркеді.

Осыған дейін ол 16 жас 73 күнінде АПЛ-де гол соққан ең жас ойыншы атанған еді.

Доуман осы маусымда тоғыз матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram