11.07.2026 20:04

Норвегия – Англия матчының фавориті аталды

11.07.2026 20:04

Бүгін, 11 шілде күні Әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия мен Англия кездеседі

Opta порталының пайымдауынша, «үш арыстанның» негізгі уақытта басым түсу мүмкіндігі 49,5%-ды құрайды. «Викингтердің» жеңісі болса 25,8%-ға бағаланған. Ал ойын қосымша экстра-таймға немесе пенальти сериясына ұласады дегенге 24,7% беріп тұр.

02:00-де басталатын ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram