11.07.2026 18:35
«Челси» Гарначоны сатуға дайын
11.07.2026 18:35
«Челси» вингері Алехандро Гарначо клубтан кетуі мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы оны осы жазда сатуға дайын. «Ақсүйектер» Гарначоны шетелдік клубтарға 50 миллион еуроға, ал АПЛ командаларына 45 миллион фунт стерлингке (52,8 миллион еуро) беруге әзір екен. Қазір ол Хаби Алонсоның тұсында жаттығып жүрген жоқ.
22 жастағы аргентиналық ойыншы өткен маусымда 43 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.