11.07.2026 13:40

Куртуа Бельгия құрамасынан уақытша кетті

11.07.2026 13:40

Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа халықаралық футболдан үзіліс алатынын айтты

«Мен Бельгия құрамасынан бір жыл демалғым келеді. Сосын 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ораламын. Құрама басшылығы мұны қалай қабылдайтынын білмеймін, бірақ айтарым осы» –, деді «Реал» голкипері.

Куртуа Әлем чемпионатының ширек финалындағы Испанияға (0:1) қарсы матчта жарақат алып, 71-минутта алаңнан кеткен еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram