01.07.2026 00:23
Норвегия 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026 00:23
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия Кот-д'Ивуарды қапы қалдырды

АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Норвегия сапында Антонио Нуса мен Эрлинг Холанд гол соқты. Ал Кот-д'Ивуар құрамында Амад Диалоо мергендік танытты.
«Викингтер» келесі кезеңде Бразилиямен кездеседі. Ойын 6 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфод қаласында өтіп, 01:00-де басталады.