26.06.2026 17:16
Нико Пас «Комода» қалды
26.06.2026 17:16
Нико Пас толыққанды «Комо» ойыншысы атанды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. «Лариани» Пасты «Реалдан» сатып алды. Никоның өзі де «Комода» қалғысы келді.
«Комо» Пасты 2024 жылы «Реалдан» алты миллион еуроға алған еді. 21 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы биыл аяқталған маусымда 40 матчта 13 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.