26.06.2026 14:53

«Арсенал» Бруну Гимарайншқа ұсыныс жасады

26.06.2026 14:53

«Арсенал» «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайншқа көз тікті

The Athletic хабарлауынша, Лондонның клубы ол үшін құны шамамен 60 миллион фунт стерлингті құрайтын ауызша ұсыныс жасапты. Бірақ «Ньюкасл» мұны үзілді-кесілді қабылдамаған. «Сауысқандар» Гимарайнш бойынша түскен ұсыныстардың ешқайсысын қарастырмайды екен.

28 жастағы бразилиялық ойыншы «Ньюкаслға» 2022 жылы «Лионнан» 42,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 41 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram