08.10.2025 22:37
Нико Пас А Сериясында үздік атанды
08.10.2025 22:37
Нико Пас А Сериясының қыркүйектегі ең үздік жас ойыншысы атанды
«Комо» жартылай қорғаушысы өткен айда үш матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Осылайша қатарынан екінші рет бұл жүлдеге қол жеткізіп отыр. 21 жастағы Нико тамыз айында да алдына жан салмаған еді.
Пас «Лариани» намысын өткен маусымнан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 42 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, 12 ассист жасады.