15.05.2026 16:41
Неймар Италия азаматтығын алды
15.05.2026 16:41
«Сантос» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар бүгін, 15 мамыр күні Италия азаматтығын алды

Бұл жөнінде инсайдер Николо Скира хабарлады.
«Бүгіннен бастап Неймар – ресми түрде Италия азаматы. Ол мұны танысы Эмилиано Ниттидің заңгерлік компаниясының көмегімен алды»,– деді Скира.
Италия азаматтығы Неймарға салық жағынан тиімді екен.
Осыған дейін Карло Анчелотти 34 жастағы ойыншыны Әлем чемпионатына баратын Бразилия құрамасының кеңейтілген тізіміне қосқан еді.