21.07.2026 22:32
Модрич «Миланмен» келісімшартты ұзартады
21.07.2026 22:32
«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы ауызша келісімге келді.
40 жастағы хорватиялық ойыншы «россонерри» сапына 2025 жылдың жазында еркін агент ретінде келген еді. Ол өткен маусымда 37 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.