21.07.2026 19:18

«Астон Вилла» Гарначоға ұсыныс жолдады

21.07.2026 19:18

«Челси» вингері Алехандро Гарначо «Астон Виллаға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Бирмингемнің клубы Гарначо үшін алғашқы ресми ұсынысты жолдады. «Арыстандар» оны сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Ал бас бапкер Унаи Эмери Алехандроның командаға келуіне қарсы емес.

22 жастағы аргентиналық ойыншы «көктер» сапына 2025 жылдың жазда «Манчестер Юнайтедтен» 46,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 43 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram