12.02.2026 14:25
Милнер АПЛ рекордын жаңартты
12.02.2026 14:25
Джеймс Милнер Ағылшын Премьер-лигасында ең көп матч өткізген ойыншы атанды

40 жастағы «Брайтон» жартылай қорғаушысы «Астон Виллаға» (0:1) қарсы ойында өзінің АПЛ-дегі 653-матчын өткізіп, Гарет Барридің рекордын қайталады.
Джеймс «Брайтонға» дейін «Лидс», «Ньюкасл», «Астон Вилла», «Ман Сити» және «Ливерпуль» сапында ойнаған еді. Ол Англия біріншілігінде жалпы 56 гол соғып, 87 нәтижелі пас берді.