04.07.2026 12:05
Месси: Возинья мені таңғалдырды
04.07.2026 12:05
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Кабо-Верде қақпашысы Возиньяға қатысты пікір білдірді

«Менде гол соғатын мүмкіндік көп болды және оны пайдалана алмағаныма қынжыламын. Иә бір гол соқтым, оның маңызы зор. Маған Возиньяның 40 жаста екенін айтты. Оның бүгінгі ойыны мені таңғалдырды. Матчтан кейін сөйлестік, ол мені құттықтады»,– деді Месси.
«Альбиселесте» Кабо-Вердені экстра-тайм қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңді. Енді Месси бастаған ұжым 1/8 финалда Египетпен кездеседі.