04.07.2026 05:52

Аргентина Кабо-Вердеден басым түсті

04.07.2026 05:52

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентина Кабо-Вердені жолда қалдырды

АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард-Рок» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Негізгі уақытта Аргентина сапында Лионель Месси есеп ашса, Дерой Дуарте таразы басын теңестірді. Кейін экстра-таймда Лаутаро Мартинес командасын алға шығарса, Сидни Лопес Кабрал есепті 2:2 етті. Бірақ Диней Борхес 111-минутта автогол соғып алып, Аргентина жеңіске жетті.

Лионель Скалони шәкірттері келесі кезеңде Египетпен кездеседі. Матч 7 шілде күні АҚШ-тың Атланта қаласында өтіп, сағат 21:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram